23 қазан 2026
Мемлекет, бизнес, сарапшылар және медиа өкілдері Қазақстанның мұнай-газ саласы, оның ел дамуындағы орны, сала адамдары, жобалары мен келешегі жайлы ашық әңгімеге бас қосады.

ҰЛТТЫҚ МЕДИАФОРУМЫ
MEDIA ENERGY
TALKS
Форумның маңызы қандай?

Ашық диалог. Нақты іс. Ортақ игілік
История. Люди. Технологии. Будущее.

Мұнай-газ саласы тек өндіріс немесе экспортпен шектелмейді. Ол — ел тарихы, талай маманның еңбегі, өңірлердің өркендеуі, жаңа технологиялар және Қазақстан экономикасының ертеңіне әсер ететін маңызды шешімдер.


Ұлттық медиафорум мемлекет өкілдерін, компания басшыларын, сарапшылар мен медиа өкілдерін бір ортаға тоғыстырады. Мұнда мұнай-газ саласы туралы жұртшылыққа қалай ашық, анық әрі ұғынықты тілде айту керегі талқыланады.
Форумда сала мамандары мен жобалары, қазақстандық мұнай-сервистің дамуы, отандық үлес, кәсіби журналистика, деректермен жұмыс және қоғам сенімін күшейту мәселелері сөз болады.
<<
>>
Форумға не үшін қатысу керек?

Саланың бағытын айқындап жүрген тұлғалармен жүздесу

Форумға ұлттық және халықаралық мұнай-газ компанияларының басшылары, мемлекеттік орган өкілдері, салалық сарапшылар мен Қазақстанның жетекші журналистері қатысады.

Кәсіби ортаңды кеңейту

Форум энергетика, медиа, талдау, PR және мемлекеттік секторда еңбек ететін мамандарды тоғыстырады. Бұл — тәжірибе алмасып, әріптестермен танысып, ортақ әңгіме бастауға мүмкіндік.

Саланың өзекті мәселелерін талқылау

Бағдарламада мұнай-сервис пен отандық үлесті дамыту, салалық деректерді сауатты пайдалану, жаңа технологиялық жобалар, кәсіби журналистика және қоғаммен байланыс мәселелері қамтылады.
Негізгі тақырыптар

Қазақстан мұнайы: тарихы, адамдары, болашағы

Мұнай-газ саласының экономика мен өңірлер дамуына ықпалы

Сала мен қоғам: сенімге бастайтын ашық әңгіме
Мұнай-сервис, отандық үлес және ауқымды келісімдер

Салалық журналистика: энергетика жайлы қалай түсінікті әрі кәсіби жазамыз?

Мұнай-газ саласындағы деректер, талдау және көрнекі контент

Ұйымдастырушылар



Magunaly Business — энергетика, мұнай-газ және өнеркәсіп салаларындағы жобалармен жұмыс істейтін стратегиялық коммуникациялар агенттігі.


Агенттік коммуникациялық стратегиялар әзірлеп, оларды іске асырады; салалық форумдар мен іскерлік кездесулер ұйымдастырады; жобаларды медиа мен әлеуметтік желілерде сүйемелдейді. Бизнес, мемлекет, сарапшылар және қоғам арасындағы өзара түсіністікті нығайту — жұмысымыздың басты бағыты.


Magynaly Business командасының Қазақстанның мұнай-газ өңірлерінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Агенттік ұлттық және халықаралық компанияларға арналған коммуникациялық жобаларды жүзеге асырады.


Media Energy Talks ұлттық медиафорумы — мұнай-газ саласының ел дамуындағы орны, сала адамдары, технологиялары, жобалары мен келешегі жайлы кәсіби әңгіме өрбитін ортақ алаң.


Қызмет бағыттары

  • стратегиялық коммуникация және беделді қалыптастыру;
  • медиамен жұмыс және журналистермен байланыс;
  • өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды PR тұрғыдан сүйемелдеу;
  • салалық форумдар, конференциялар және сарапшылар кездесулерін ұйымдастыру;
  • күрделі салалық тақырыптарды ұғынықты әрі кәсіби тілде ашатын контент әзірлеу.
Қолдау білдіргендер
«ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫ: КЕШЕГІСІ МЕН БҮГІНІ» ЖОБАСЫ
Сала шежіресі — ел жадында қалған тұлғалар, айтулы оқиғалар және сирек фотосуреттер арқылы өріледі. 23 қазанда Астанада өтетін Media Energy Talks аясында қазақ мұнайының қалыптасу жолы, мұнайшылар ұрпағы, ірі кен орындары мен технологиялық жетістіктерге арналған фотокөрме ашылады.

Көрме бір ай бойы елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады.

Ұлттық Media Energy Talks медиафорумына дайындық аясында Magynaly Business Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп «Қазақстандағы мұнай-газ журналистикасы — 2026: даму мүмкіндіктері мен кедергілері» зерттеуін бастайды.


Зерттеу қорытындылары форумда таныстырылып, журналистер, сарапшылар және мұнай-газ саласы өкілдері арасындағы ашық пікір алмасуға арқау болады.

Зерттеуге қатысу

ENERGY TALKS
Форумға қатысуға өтінім қалдырыңыз

Демеушілік және жарнамалық ықпалдастық мәселелері бойынша электрондық поштаға немесе +7 (702) 820 8920 нөміріне хабарласуыңызға болады.

Байланыс деректері

Email: l.suleymenova@mgnbiznes.kz z.iskalieva@mgnbiznes.kz n.khairullina@mgnbiznes.kz
Телефон: +77718774111, +77017778324, +77028208920
mgnbiznes.kz

Атырау
Астана